Мәжіліс сайлауы: Елнұр Бейсенбаев партия тізімі қалай жасақталатынын айтты

Мәжіліс сайлауы: Елнұр Бейсенбаев партия тізімі қалай жасақталатынын айтты

Мәжіліс сайлауы: Елнұр Бейсенбаев партия тізімі қалай жасақталатынын айтты
ашық дереккөзі
50262
«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс сайлауына ұсынылатын партиялық тізім қандай принциптер бойынша жасақталатынын айтты деп жазады turkystan.kz.
«Бізде аймақтарда 4 мыңға жуық бастауыш партия ұйымы бар. Олар жақын күндері шағын съезд түрінде өтетін аумақтық партиялық конференцияларға қатысатын делеграттарын іріктеп алды. Делегаттар мойнында аса жауапты міндет тұр. Олар конференцияда партия атынан мәслихат сайлауына қатысатын үміткерлер тізімін жасап, бекітеді. Үміткерлерді таңдаудағы басты принцип: ашықтық, әділдік және жаңару.  Барлық процесс ашық өтеді. Біз барлық ұсынысқа ашықпыз, іріктеу бастауыш партия ұйымдарынан бастап облыстық филиалдар, кейін Орталық аппаратқа дейін белгіленген тәртіппен әділ өтеді», - деді ол Республикалық қоғамдық қабылдау орталығында өткен брифингте.
Сондай-ақ ол партия тізімдеріне жас білікті, білімді азаматтардың есмі қосылатынын жеткізді.
« біздің партияда әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері бар. Олардың ішінде ең белсенді, білімді азаматтар осы тізімге енуі керек. Оған қоса, әр түрлі жас өкілдері, жастар, әйелдер, түрлі мамандық иелері болуы тиіс. Өкілеттілік дегеніміз осы. Партия тізімдерінен жаңа есімдерді көп көресіздер», - деді Елнұр Бейсембаев.
Айта кетейік, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және Парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Сайлау биыл 19 наурызда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталды, ол 8 ақпан күні сағат 18.00-де аяқталады.

Серіктес жаңалықтары