Таразда 19 жастағы қыз өзіне қол жұмсады

Таразда 19 жастағы қыз өзіне қол жұмсады

Таразда 19 жастағы қыз өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі
50270

Тараздағы шағын аудандардың бірінде 19 жастағы қыз өзіне қол жұмсады деп хабарлады Turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 27 қаңтарда сағат 15:50 шамасында Тараз қаласының ПБ-ның жедел басқару орталығына мөлтек аудандардың бірінде құрылысы бітпеген ғимараттан қыз баланың секіріп кеткендігі туралы хабарлама түскен.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Секірген қыздың 19 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталатын болады.

Басқа да мән-жайлар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары