Таразда биік ғимараттан секіріп кеткен қыздың жағдайы белгілі болды
Таразда биік ғимараттан секіріп кеткен қыздың жағдайы белгілі болды
Тараз қаласының 19 жастағы тұрғыны құрылыс жүріп жатқан ғимараттан секіріп кеткен. Ол дереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Тараз қаласы ПБ жедел басқару орталығына 27 қаңтарда сағат 15:50 шамасында мөлтек аудандардың бірінде құрылысы бітпеген ғимараттан қыздың секіріп кеткендігі туралы хабарлама түскен.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Секірген қыздың 19 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды.
Оның суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталады.
Басқа да мән-жайлар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.