345 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

345 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

345 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
ашық дереккөзі
50412
Үкіметтің ресми сайтында «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулының мәтіні жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
«Осы қаулының қосымшасына сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2023 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын», - делінген қаулыда.
Қаулымен бірге берілген қосымшада биыл әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің жиынтық саны 345 екені көрсетілген. Олардың 260-сы ҚР Қарулы Күштерінен, 60-ы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен, 16-сы Төтенше жағдайлар министрлігінен, 9-ы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланынан тартылмақ. Осы қаулы 10 он күннен кейін күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары