Бірінші курс студентінің өліміне себепкерлер сотталды

Бірінші курс студентінің өліміне себепкерлер сотталды

Бірінші курс студентінің өліміне себепкерлер сотталды
ашық дереккөзі
50374
Шымкентте колледж жатақханасында бірінші курс студентінің өліміне себепкер болғандар сотталды деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап. Шымкентте колледж жатақханасында қайтыс болған студент соққыдан көз жұмған. Бүгін, 1 ақпанда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жатақханадағы өлімге қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық істі қараған сот төрағасы екі жасөспірімге 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Судья Дәурен Сайхановтың дерегінше, олардың бірі марқұмды темекі шеккені үшін тәртіпке шақырмақ болған. Содан екі жігіт бірінен соң бірі кеуде тұсынан екі рет соққы жасаған, содан кейін марқұм студент өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем келгенше өліп кеткен. Судьяның айтуынша, бұл абайсызда болған адам өлімі екені ескерілді.
«Біріншіден, сот кәмелетке толмағанын ескерді. Екіншіден, жәбірленуші тараптан кешірім алып,  марқұм баланың анасымен татуласты. Сол Қылмыстық кодекстің 55-баптың 2-бөлігін қолдана отырып, негізгі жазадан төмен жаза, бірақ 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Негізі Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігінде жазаны өтеу 8 жылдан басталады", - деді Шымкенттің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Сайханов.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары