50404
Түркістан облысында жаңбыр басылып, су тасқыны тоқтамады – ТЖМ
Түркістан облысында жаңбыр басылып, су тасқыны тоқтамады – ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысында су тасқыны мәселесі бойынша жедел кеңес өткізді. Жиында жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды деп хабарлады turkystan.kz.
Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмысты жалғастырып жатыр.
200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды.
Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасып жатыр.
Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді.
Жағдай ерекше бақылауда. Республикалық және облыстық жедел штабтар, «жедел желі» жұмыс істейді.