50318
Ресейге жүк көлігімен пияз алып өтпек болғандар ұсталды
Ресейге жүк көлігімен пияз алып өтпек болғандар ұсталды
Ақтөбе облысында пияз артқан екі ауыр жүк көлігі шекарадан өтпек болған. Бұл туралы turkystan.kz atameken.business басылымына сілтеме жасап хабарлады.
«Ақтөбе облысындағы «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінен (Қазақстан-Ресей шекарасы) Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан пияз тасымалдаған 2 ауыр жүк көлігі өтіп кетпек болған. Аталған автокөлік құралдарының жүргізушілеріне пиязды шекарадан шығаруға тыйым салынғаны туралы хабарланды.Қазіргі уақытта пиязды жөнелтушілерге қайтару немесе оны Қазақстанның басқа облыстарында сату туралы мәселе шешілуде» деп жазды департаменттен. Еске сала кетейік, 28 қаңтардан бастап 3 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салынды.