50348
Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды
Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды
Түрік сейсмологтарының мәліметінше, 7,4 балдық жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер дүйсенбі күні Түркияның көптеген аймағында, соның ішінде Анкарада да сезілді деп хабарлады turkystan.kz Анадолыға сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, 6,6 магнитудалы жер сілкінісі Ислахие ауданында тіркелген. Зілзаладан ғимараттар қираған. АФАД мәліметінше, 7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда – Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген.
Түркияның ТRT мемлекеттік телеарнасы тікелей эфирде Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан провинциялардың кадрларын көрсетті. Онда тұрғындар суыққа қарамастан, зілзала қайталануынан қорқып, үйлерін тастап кетіп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, Шанлыурфа провинциясында кем дегенде 16 үй қирады.
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды.