Атырау университетінде Зейнолла Қабдолов атындағы аудитория ашылды

Атырау университетінде Зейнолла Қабдолов атындағы аудитория ашылды

Атырау университетінде Зейнолла Қабдолов атындағы аудитория ашылды
ашық дереккөзі
50468
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ғалым Зейнолла Қабдоловты еске алуға арналған «Зейнолла Қабдолов: Әлем және қазақ әдебиеттану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция Атырау университетіндегі «Тұлғалар аллеясы» алаңында Зейнолла Қабдолов ескерткішіне гүл қойып, тағзым етуден басталды. Сонымен қатар білім ордасында ғалымның әдеби танымдық мұрасын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында атаулы дәрісхана ашылды. Дәрісхананың лентасын қию рәсімі Қырғыз Республикасы Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының директоры Абдылдажан Акматалиев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры Жанғара Дәдебаев, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Ісләмжанұлына ұсынылды. Конференция аясында №40 жалпы білім беретін орта мектепке университет атынан Зейнолла Қабдоловтың портреті сыйға берілді.

Серіктес жаңалықтары