Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті

Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті

Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті
ашық дереккөзі
50241
Түркияның оңтүстігінде болған зілзаладан қаза тапқандар саны 2921 адамға жетті. Бұл туралы Түркия Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Юнус Сезар мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz Анадолыға сілтеме жасап. Оның айтуынша, 15 834 адам жарақат алған. Түркия вице-президенті Фуат Октай үйінді астынан 7840 адам аман шыққанын хабарлады. Сондай-ақ 338 мың адам жатақхана, университет пен түрлі орналастыру орындарына жайғастырылған. Айта кетейік, президент Режеп Тайип Ердоған Түркияда жеті күнге жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.

Серіктес жаңалықтары