Есен Елеукен – AMANAT партиясының атынан депутаттыққа үміткер

Есен Елеукен – AMANAT партиясының атынан депутаттыққа үміткер

Есен Елеукен – AMANAT партиясының атынан депутаттыққа үміткер
ашық дереккөзі
50971
«Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есентүгел Елеукен Amanat партиясының Мәжіліс сайлауына үміткерлер тізіміне енді деп хабарлады turkystan.kz. Съезд делегаттары партия атынан Мәжіліс сайлауына ұсынылатын кандидаттар тізімін бірауыздан мақұлдады. Солардың ішінде Есентүгел Елеукен де бар. Айта кетейік, Amanat партиясы атынан Мәжіліс сайлауына 90 кандидат қатысады. Есентүгел Баймұханбетұлы 1973 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1990 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз совхозында бастаған. 2005 жылдан бастап «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті қызметін атқарып келеді.

Серіктес жаңалықтары