Жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған 2 адамды құтқарды

Жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған 2 адамды құтқарды

Жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған 2 адамды құтқарды
ашық дереккөзі
50239
Батыс Қазақстан облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған екі науқасты құтқарды деп хабарлады turkystan.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәрігерлер сәтті реанимация жүргізудің нәтижесінде 58 және 62 жастағы екі пациенттің өмірін сақтап қалды.
«Шақырту кезінде екі пациенттің де кенеттен тынысы тарылып, жүрек қызметі тоқтап қалды. Көшпелі бригадалардың фельдшерлері пациенттерден өміріне қауіп төндіретін жүрек ырғағының бұзылуы, клиникалық өлім диагнозын қойды. Дефибрилляторды қолдана отырып, бірден реанимациялық шаралар басталды. Сауатты көрсетілген шұғыл медициналық көмектің нәтижесінде пациенттердің жағдайы жақсарып, облыстық кардиологиялық орталыққа жеткізілді және одан әрі емдеу үшін орталықтың мамандарына берілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары