Түркиядағы қазақстандықтар зардап шеккендерге 34 млн теңге жинады

Түркиядағы қазақстандықтар зардап шеккендерге 34 млн теңге жинады

Түркиядағы қазақстандықтар зардап шеккендерге 34 млн теңге жинады
ашық дереккөзі
50211
Түркияда тұратын қазақстандықтар жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 25 млн теңгеден астам қаражат жинады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Біз кеше ақша жинауды бастадық. Түнге дейін 25 млн теңге жиналды. Бірден супермаркетке барып, осы қаражатқа азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алдық. Бәрін жүк көлігіне тиеп, Кахраманмараш қаласына жібердік. Қаражат жинау дереу жабылды. Алайда, бей-жай қарамайтын азаматтар қаражат жіберуін тоқтатпады. Осылайша, тағы 9 млн теңге жиналды. Оған балалар тамағын сатып алуды жоспарлап отырмыз», - деді «Шаңырақ» мейрамханасының иесі Данияр Иманбеков.
Бұл көмекті ұйымдастыруды белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ұсынған. Оларға Стамбулдағы ҚР Бас консулдығының қызметкерлері де көмектескен. Соңғы мәліметтер бойынша, елде зілзаладан қаза тапқандар саны 7 108-ге, жараланғандар 40 910-ға жетті.

Серіктес жаңалықтары