Рудныйда 83 үй мен 17 нысан жылусыз қалды

Рудныйда 83 үй мен 17 нысан жылусыз қалды

Рудныйда 83 үй мен 17 нысан жылусыз қалды
ашық дереккөзі
50161
Рудныйдың жылу желілерінен тағы да ақау шығып, 83 үй мен 17 нысан жылусыз қалды деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап. Әкімдік мәліметінше, қазіргі кезде дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жүйені суға толтыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, 9 ақпанда жылу желісінде ақау орын алуына байланысты Горняков көшесінің Дзержинскийден Ленинге дейінгі бөлігінде орналасқан жылу трассасы жабылды. 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй мен 17 заңды тұлғаның ғимаратына жылу беру уақытша тоқтатылды.
«Қазір дәнекерлеу жұмыстары аяқталды, жүйені сумен толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, содан кейін көппәтерлі үйлердің, әлеуметтік нысандар мен бизнес нысандардың желілері кезек-кезек суға толтырылады», - делінген Рудный қаласы әкімдігінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары