Түркияда қаза тапқан қазақстандық туралы тың дерек белгілі болды

Түркияда қаза тапқан қазақстандық туралы тың дерек белгілі болды

Түркияда қаза тапқан қазақстандық туралы тың дерек белгілі болды
ашық дереккөзі
50445
Түркияда денесі табылған адамның Әділ Қадырбеков екені анықталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Оның хабарлауынша, 8 ақпан күні кешкісін Хатай провинциясына қарасты Антакья қаласында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында Түркия азаматы табылды. Ол аман. Оны алдымен Құбылай Кескин екен деп ойлаған, алайда Кескиннің туыстары оны растамады. Бүгін 9-ақпан күні таңғы 9-да іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып, оның барысында екі адамның денесі табылды. Оның біреуін туыстары Құбылай Кескиндікі екенін, ал екеншісі Әділ Қадырбековтікі екенін растады.
«ҚР Сыртқы істер министрлігі мәйіттердің Отанына жеткізілуіне барынша қолдау көрсетеді. Біздің құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге Мірболат Құрмашевты іздестіру үстінде», - деді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, бұған дейін Түркияда үйінді астынан Қазақстан азаматының денесі табылғанын жаздық. Сондай-ақ Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярованың аман-есен табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары