Түркиядағы апат: Мирболат Құрмашевтің денесі табылды

Түркиядағы апат: Мирболат Құрмашевтің денесі табылды

Түркиядағы апат: Мирболат Құрмашевтің денесі табылды
ашық дереккөзі
50272
Түркияда жоғалған қазақстандық Мирболат Құрмашевтің денесі табылды. Бұл туралы Түркияның Хатай қаласында жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарды іздеуге аттанған бастамашыл топ Telegram парақшасында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз одан айырылып қалдық», – деп жазылған хабарламада.
Мирболат Құрмашевтің денесін біздің құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан.
«Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандықтың денесі шығарылды. Үйінді жағдайындағы қозғалыс кезінде іздестіру барысында құтқарушылар алдын ала белгіленген іздестіру орнына жету үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасады. Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтер қайта құламас үшін тосқауылда кішкентай саңылау жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Серіктес жаңалықтары