50287
Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың саны артып келеді
Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың саны артып келеді
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны өсіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте 94 адамнан коронавирус, 10 адамнан пневмония табылды.
10 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде жалпы 1 649 адам аурудан емделіп жатыр: коронавирус (КВИ+) – 1 484 адам, пневмония (КВИ-) – 165 адам.
Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 528 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 10 науқастың жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, – делінген хабарламада.