Көкпаршы бала Николай

Көкпаршы бала Николай

Көкпаршы бала Николай
ашық дереккөзі
50829
– О, батыр! Атың кім? – Николай. – Ұлтың кім? – Неміс. – Осы ауылдың баласысың ба? – Иә. Фотограф Ернар Алмабектің осын­­дай диалогпен бас­талған ви­део­сы 14 жастағы шабандоз Николай Ды­цельді бір-ақ күнде танымал етті. Жұрт қазақтың ұлттық ат спорты ойы­нын серік еткен неміс бала­сы­ның қазақ тілінде еркін сөйлегеніне сүй­сінді. Расында, атпен шауып ке­ліп, фотографтың камерасына ілік­кен Нико­лайдың екі беті аяздан ал­мадай қызарған бейнесі ауылда алаң­сыз жүрген сәттерді көз алды­мызға келтіргендей. Фотограф шабандоз баланы Алматы об­­­лысы Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылына ролик түсіруге барғанда кез­дей­соқ кездестірген. Камера көзімен бүгінгі қо­ғам келбетін кескіндеп жүрген ма­ман­ның бір топ баланың ішінен Николайға назар аударуы да бекер емес еді. [caption id="attachment_213150" align="alignnone" width="1600"] width= Николай Ернар Алмабекпен бірге[/caption]
«Бұған дейінгі видеоларымның бәрі То­ғызбұлақта түсірілген. Жалаңаш – біз­дің ауылдың орталығы. Сол жолы бар­ға­ны­мызда балалар көкпар тартып жүр екен. Негізі, ол жерді түсіреміз деген ой бол­маған еді. Өтіп бара жатқан кезде жа­нымдағы әріптестерім «Дрон ұшырып, тү­сіріп алсақ қайтеді» деп ұсыныс айтты. Со­дан тоқтай қалып, видеоға түсірдік. Дрон­ды жинап жатқан кезде екі бала ат­пен шауып келіп, су сұрады. Одан кейін тағы біреуі келді. Ол да су сұрады. Бірақ оған су жетпей қалды. Бар суды екі бала ішіп қойған болатын. Көкпар тартып қат­ты шөлдеген болуы керек, «Су тау­сыл­ды» десек те, «Машинаңызды қараңызшы» деп өтініп, ентігіп тұр. Фотограф болған соң жан-жағымдағы кейіпкерлерді қарап жүр­етінім бар. Фактурасы, бәрі жақсы болса, суретке түсіремін. Анықтап қара­сам, сап-сары бала екен. Атын сұрасам, «Николай» деді. Одан кейін таңғалып, ұлтын сұрадым. Әкесі неміс, анасы қазақ екен. Жалаңашта тұрады. Бұған дейін тү­сірген бейнежазбаларым әлеуметтік же­ліде жақсы қаралатын. Бірақ Нико­лай­ды түсірген видео әдеттегіден көп қа­ра­лып, бірден қоғам назарын аударды», – дейді Ернар Алмабек.
 width=Осылайша, фотограф дүкенге барып, көк­паршы балаға су әкеліп береді. Оның арты фотосессияға ұласқан. Сөйтсе, дәл сол күні шабандоз баланың бір досының ту­ған күні екен. Осыған орай ауыл ба­ла­лары өзара көкпар ойынын ұйым­дас­ты­рыпты.
«Қала балаларының ойын-сауық орталықтарына, кафеге барып туған күн тойлайтынын көріп үйреніп қалғанбыз. Ат құлағында ойнайтын балалардың ұлт­тық ойынымызға деген қызығушы­лы­ғы, үлкенге деген құрметі жүрегімізді жы­л­ыт­ты», – дейді фотограф.
Ал алты жасынан атқа қонған Ни­ко­лай көшеде жұрт танып, отандық те­леар­на мен газет журналистері хабарласып, сұх­бат алғанда біраз қобалжығанын, мұн­­­­дайға енді үйреніп жатқанын айтады. Ша­­­бандоз бала Қостанайда дүниеге кел­ген. Тоғыз айында ата-анасы Алматы об­лысы Кеген ауданындағы Жалаңаш ауы­лына көшіп келген екен.
[caption id="attachment_213156" align="alignleft" width="417"] width= Әкесімен (Сурет Николайдың жеке мұрағатынан)[/caption] «Жамал Ермегияев атындағы қазақ орта мектебінде 9-сыныпта оқимын. Әке­ме осы ауылдың табиғаты, тыныс-тір­ші­лігі ұнаған соң көшіп келген. Әжем 94 жас­қа келіп дүниеден өтті. Мені жақсы кө­ретін еді, атыма тілі келмей «Нұр­сұл­тан» деп атайтын. Үлкен атам мен апам Ал­матыда тұрады. Алты жасымда атқа мінуді Нұркен атам үйретті. Атамның ма­мандығы – гидрогеолог, қазір зейнет­кер. [caption id="attachment_213152" align="alignright" width="413"] width= Николай анасымен бірге (Сурет Николайдың жеке мұрағатынан)[/caption] Әкемнің ұлты – неміс, фермер және тех­ника жөндеумен айналысады. Ал анам – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұ­ғалімі. Үйде екі баламыз. Аделина есімді қарындасым 5-сыныпта оқиды. Әде­­биетке деген қызығушылығы зор, жыл­­да мұқағалитану байқауларына қа­ты­сады», – дейді Николай.
[caption id="attachment_213155" align="alignnone" width="2048"] width= Сурет Николайдың жеке мұрағатынан[/caption] Шабандозға алғаш атқа мінуді үйрет­кен атасы жас кезінде аңшылықпен ай­на­лысқан. Немересі елдің қамын ойлай­тын, намысты, қасқыр жүректі батыр азамат болсын деген ниетпен төрт жа­сын­да жыртқыштың жүрегін жегізген екен. Үйіне әкеліп үш немересіне пісіріп бер­генде бірі жемей қойып, екіншісі жай ғана ауыз тиген. Ішінде түк қалдырмай тауы­сып жеген Николай болады. Анасының айтуынша, ол кішкен­тайын­да бұзық бала болған. Тек «Атқа мін­бейсің» деп қорқытқанда ғана айт­қан­ды тыңдайды екен. Алғашқыда орыс мектебіне барса, кейін қазақ мектебіне ауыс­қан.
«Өзім орыс тілінің маманы бол­ған соң үйде кейде орысша сөйлеп қал­сақ, «Мама, біз қазақ емеспіз бе? Неге орыс­ша сөй­лейсіздер?!» деп отыратын», – дейді анасы.
[caption id="attachment_213154" align="alignright" width="434"] width= Нағашы атасымен (Сурет Николайдың жеке мұрағатынан)[/caption] Николай нағашылары қазақ бол­ған­дықтан, кішкентай кезінен қазақша сөй­лейтінін айтады және бұған таңғалу­дың қажеті жоқ деп есептейді. Шабандоз бала аттың құлағында ойнап қана қой­май, төрт түлік малға да жақын болып өс­кен. Бүгінде сабақтан келген соң малға қа­рап, жемшөбін салу күнделікті жұмы­сына айналыпты. Енді болашақта кәсіби көкпаршы атанып, ауыл шаруашылығы­ның дамуына үлес қосатын маман болу­ды армандайды. Бұл ұлттық ойында кү­ші­не аты сай жігіт жеңіске жетеді емес пе? Көкпаршы баланың сүйікті ісі – атбегілік.
«Мектеп жасына жеткенде атқа мініп, үй­дегі азын-аулақ малды қайырып ке­ле­тін­мін. Тоғыз жасымда бір тайым болды. Соны үйретіп жүретінмін. Он бір жасым­да сол атыма мініп, достарыммен ауылда өтіп жатқан көкпар ойынын көруге жиі бара­тын болдық. Содан қызығушылық пай­да бола бастады. Мұны байқаған жер­лес Есбол және Нұрым ағаларым маған қол­дау көрсетіп, ұлттық спортқа баулы­ды. Сондықтан атам мен осы ағаларыма ал­ғыс айтқым келеді. Қазір де ауылда үлкен көкпарлар өтіп тұ­рады. Оған да барып тұрамыз. Командалық көкпарда ойнасам деген арманым да бар. Өкінішке қарай, қазір командалық көкпар қатты дамымаған. Ат баптаумен айналысамын. Құлагер, Тайбурыл деген аттарым бар», – дейді шабандоз.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары