АҚШ құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
ашық дереккөзі
50273
Әуесқой бокстан АҚШ-тың ерлер және әйелдер құрамасы биылғы әлем чемпионатына қатыспайды. Бұл туралы The Washington Post мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Vesti.kz сайтының мәліметінше, АҚШ құрамасының қатыспауына бірнеше себеп бар. Олар Ресей мен Беларусь құрамаларының жарысқа өз елінің Туымен қатысуы және төрешілік мәселесі толық шешімін таппағанын алға тартуда. Сондай-ақ AIBA-ға Умар Кремлевтің президент болып сайлауын күмәнді деп санайды. АҚШ әуесқой бокс федерациясы өзге кей елдер де осы факторларды назарға ала отырып, әлем чемпионатына қатысудан бас тартады деген пікірде. Айта кетейік, бокстан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионаты 2 жылда бір рет өтеді. Олимпиада ойындарынан кейінгі байрақты бәсеке саналады. Ерлер арасындағы биылғы Әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Ташкентте өтсе, әйелдер арасындағы бәсеке 15-31 наурызда Нью-Делиде болады. Жарыс жеңімпазы 200 мың АҚШ долларын еншілейді. Күміс жүлдегерге – 100 мың доллар, қола медаль иесі 50 мың доллар табысқа кенеледі.

Серіктес жаңалықтары