Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушының сәбиі дүниеге келді

Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушының сәбиі дүниеге келді

Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушының сәбиі дүниеге келді
ашық дереккөзі
50197
Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерді іздестіру-құтқару жұмысына атсалысып жатқан қазақстандық құтқарушы Біржан Байқұловтың отбасында қуаныш болды деп хабарлады turkystan.kz.
«Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің зардабын жоюға қатысып жатқан қазақстандық құтқарушылардың үлкен командасының құрамындағы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Біржан Байқұловтың бүгін Алматыда қызы дүниеге келді. Қызға Ясмина деген әдемі есім берген. Біз ержүрек құтқарушымызды қызының дүниеге келуімен құттықтаймыз және оған зор денсаулық тілейміз. Ал Біржанның өзіне Отанына тезірек аман-есен оралуына тілектеспіз! Қызмет үшін рахмет!», - делінген Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары