50289
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кәсіби спорттан кетті
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кәсіби спорттан кетті
Олимпиада чемпионы, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби мансабын ресми түрде аяқтады деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.
«Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме маған сенім артқаны үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға шексіз ризамын», – деді Рыпакова.Отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін ҚР Премьер-министрі спортшыға алғысхат жолдады.
«Сіздің жарқын жеңістеріңіз қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі қалады. Біз сіздің спортқа және принциптерге деген адалдығыңызды бағалаймыз. Ел бойынша мыңдаған бала сізден үлгі алады және отандық жеңіл атлетика дәстүрін жалғастырады. Отандық спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Құрметпен, ҚР Премьер министрі Әлихан Смайылов», – делінген алғысхатта.