Желіде трактормен қар күреген әкімнің видеосы тарады

Желіде трактормен қар күреген әкімнің видеосы тарады

Желіде трактормен қар күреген әкімнің видеосы тарады
ашық дереккөзі
50476
Әлеуметтік желіде Дамбы ауылдық округінің әкімі Ұзақбай Байзуллиннің трактормен қар күреп жатқан видеосы тарап жатыр деп хабарлады turkystan.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап. Бейнежазбадан аталған округ басшысының трактор тізгінін өзі қолға алып, қар күреп жатқанын көруге болады.
«Мен тракторист емеспін, бірақ көлік жүргізуші мамандығын меңгергем. 1980 жылдан бері көлік тізгіндеп келемін. Менің 1949 жылы туған ағам Бисенбай Байзуллин Амангелді атындағы колхоздың маңдайалды тракторшысы болған. Мектеп қабырғасында 3-4-сыныпта оқып жүргенімде ол өзінің тракторын үйдің алдына әкеліп қоятын. Сол кезде техникаға қызығушылығым ояна бастады», - деді ол.
8 ақпан күні Ұзақбай Шораұлы тракторды өзі тізгіндеп, күні бойы ауыл көшелерін қардан күрегенін айтады.
«Алдымен трактор жүргізушісінен қарды қалай күреу қажеттігін сұрап, біліп алдым. Кейін рөлге отырдым. Менің ойымша, әр азамат ел басына күн туғанда етігімен су кешуге де дайын болуы керек. Мен де табиғи апат кезінде қол қусырып қарап отыра алмадым», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары