52643
Маса қандай адамдарды жиі шағады?
Маса қандай адамдарды жиі шағады?
Адамдардың кейбірін масаның көп шағатынын таныстарыңыздан естіген боларсыз. Олардың кейбірі «қаны тәтті адамдарды масалар жақсы көреді екен» дегенді де айтады. Ал шын мәнінде қансорғыш жәндіктердің адам таңдауының сыры неде?
Арнайы зерттеу нәтижесінде масалардың не себепті адамдарды таңдап шағатыны белгілі болды.
Киім түсі. Олар қара түсті киінген адамға тап беретін көрінеді.
Қозғалыс. Ширақ қозғалатын, бір орында отыра алмайтын адамдар бұл жәндіктердің назарын өздеріне аударады.
Дене температурасы. Дене температурасы әдеттегіден жоғары адамдарды масалар жиі шағады. Өйткені олардың сезімтал мүшесі мұны бірден байқайды. Демек, физикалық жаттығу жасаған адамдар қансорғыш жәндіктердің басты нысаны болары анық.
Көмірқышқыл газы. Аталмыш жәндіктер 50 метр арақашықтықтан-ақ көмірқышқыл газын сезеді. Адамдардың бәрі осы газбен тыныс алады, бірақ бірі ұзақ, ал енді бірі қысқа дем алады. Мысалға, екіқабат әйелдер бір тыныс алғанда қалыптыдан 21% көп көмірқышқыл газын тұтынады. Ал кішкентай балаларда керісінше, олар ересектерге қарағанда сирек тыныс алады.
Есіңізде болсын, масаларға 85% жағдайда адамның киімінің түсі мен дене температурасына қарағанда терісінің қасиеттері маңызды көрінеді. Яғни, терідегі кейбір қышқылдардың шамадан көп болуы адамға бұл жәндікті үйір етеді.