Кентаулық оқушы роботты «Қаражорғаға» билетті (ВИДЕО)

Кентаулық оқушы роботты «Қаражорғаға» билетті (ВИДЕО)

Кентаулық оқушы роботты «Қаражорғаға» билетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50399
Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Кентау оқушылар үйі балаларды жан-жақты дамыту бағытында жұмыс жүргізіп келеді деп хабарлады turkystan.kz. Жаңалыққа құштар, ізденімпаз жасөспірімдер робототехника саласын да қатар меңгеруде. Олардың жұмыстары қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялар негізінде жасалып жатыр. «Өнертапқыш балалар үйірме жетекшілерімен бірлесіп, қазақтың ұлттық биі «Қаржорға» биін билейтін биші роботын жасап, көпті тәнті етті. Технологиялық туындыны дайындау барысында «SPIKE» бағдарламасын қолданған. Одан бөлек, өнертапқыштардың жасаған үйлерінің эскиздеріне қарап, болашақ құрылыс жобалаушылары өсіп келеді деуге болады», - делінген Кентау қаласы әкімдігінің баспасөзі таратқан хабарламада. Оқушылар тарапынан жаңа ғылыммен ұлттық құндылықтарды байланыстыра отырып, арқан тартыс, теңге алу сынды ұлттық ойындарына арналған роботтар құрастыру ісі де жүзеге асуда. Сондай-ақ оқушылар «Gorel Draw» бағдарламасы арқылы да жобалар әзірлеп, оны лазерлік, фрезерлік станокпен ойып шығару арқылы киіз үй, сандық, бесік, тағы да басқа қазақтың ұлттық бұйымдарын жасауда.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Кентау Қаласының Әкімдігі (@kentau_akimdigi)

Серіктес жаңалықтары