Бостандыққа шыққан Атамбаев Дубайға ұшып кетті

Бостандыққа шыққан Атамбаев Дубайға ұшып кетті

Бостандыққа шыққан Атамбаев Дубайға ұшып кетті
ашық дереккөзі
50318
Қырғыз елінің экс-президенті Алмазбек Атамбаев Дубайға ұшып кетті деп хабарлады turkystan.kz 24.kg агенттігіне сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, Қырғыз елінің бұрынғы президентінің қасында ұлы Қадырбек бар. Олар Бішкектен кеше таңғы сағат 6:34-те ұшқан. Одан ары Алмазбек Атамбаев Испанияға емделуге аттанбақ. Айта кетсек, Атамбаев 2020 жылы 11 жылға сотталған еді. Оған «қылмыс әлемінің беделді өкілі Азиз Батукаевты темір тордан заңсыз босатуға қатысты» деген айып тағылды. Алайда бұл іс қайта қаралуға жіберіліп, сот үкімінің күші жойылған. Атамбаев Қырзғыстанды 2011-2017 жылдары басқарған.

Серіктес жаңалықтары