БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
50267
ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Тілепберген Ерсайұлы Каюпов БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тілепберген Каюпов 1976 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін бухгалтер-қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Казталов аудандық салық комитетінің инспекторы, Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, БҚО Қаржы басқармасының бөлім басшысы, басшының орынбасары, Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, БҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, БҚО әкімінің орынбасары болды. Күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы Қаржы басқармасының басшысы болып қызмет етті. Тілепберген Каюпов стратегия және экономикалық даму, қаржы, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, еңбек инспекциясы, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Серіктес жаңалықтары