Атлеттер қалашығында Қазақстан мен Қытайдың туы көтерілді

Атлеттер қалашығында Қазақстан мен Қытайдың туы көтерілді

Атлеттер қалашығында Қазақстан мен Қытайдың туы көтерілді
ашық дереккөзі
377
Бүгін Атлеттер қалашығында Қазақстан және Қытай туларын көтеру салтанаты өтті. Салтанатқа екі елдің ресми тұлғалары, спортшылары мен делегация өкілдері қатысты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сіздер Универсиадаға жарысу үшін, кім мықты екенін дәлелдеу үшін келдіңіздер, алайда Атлеттер қалашығында сіздерді тек қана достық қарым-қатынас, жаңа таныстар күтуде. Біз ауызбіршілігі жарасқан көптеген ұлт өкілдері өмір сүретін Қазақстан секілді, Атлеттер қалашығы да жер бетіндегі әртүрлі мәдениет өкілдерінің бейбітшілік пен келісімде өмір  сүре алатынын көрсететін үлгіге айналса дейміз», - деді Атлеттер қалашығының әкімі, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Сәлемдесу сөзінен кейін Қазақстан және Қытай делегация мүшелері Атлеттер қалашығының әкіміне естелік сыйлықтары мен кәдесыйларын тарту етті. Салтанат студенттердің Gaudeamus әнұранын шырқатып, екі елдің туларын көтерумен аяқталды. Универсиадаға қатысатын елдердің туын көтеру салтанаты Атлеттер қалашығында күнде өткізіледі.  Жарыстар кезінде мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген екі мыңға тарта спортшы қоныстанатын болады.

Серіктес жаңалықтары