Мені спортшы емес, қазақша сұхбат беретін қыз деп танитын болды

Мені спортшы емес, қазақша сұхбат беретін қыз деп танитын болды

Мені спортшы емес, қазақша сұхбат беретін қыз деп танитын болды
ашық дереккөзі
51295
Қазір спортта Әбиба Әбужақынованың есімі жиі аталып жүр. Қазақ қыздары ара­сы­нан алғаш рет дзюдодан әлем чемпио­на­ты­ның жүлдесін жеңіп алған спортшымыз осы жылды да жарқын жеңістермен бастады. Жуырда Португалияның Алмада қаласында өткен Гран-при турнирінде көрермен тарихи сәт­ке куә болған еді. Жылдың алғашқы бә­секесінде бірінші рет әйелдер арасында екі қа­зақ дзюдошы финалда кездесті: Әбиба Әбу­­жақынова мен Ғалия Тынбаева. Алтын үшін айқаста Әбиба Әбужақынова жеңіске жет­ті. Осылайша, екі қазақ қызының бірі ал­­тын, екіншісі күміс медаль еншілеп, ел ме­­рейін асырды. Бұдан кейін бұрымды балуан Франция астанасы Парижде өткен әлем­­дік түрнирдің бозкілемінде белдесіп, үз­­дік үштіктің қатарынан көрінді. – Осы жыл сен үшін жақсы жаңа­лық­тармен басталды. Екі ай­дың ішінде екі жүлдеге ие болдың. Парижде көрсеткен өнеріңе көңілің толды ма? – Шынымды айтсам, Португалияда бірін­ші орын алғаннан кейін Парижде де дәл сон­дай нәтиже көрсетемін деген ниетпен бар­ған едім. Бірақ үшінші орын алып қалдым. Не­гізі, қалаған жетістікке қол жеткізуге бола­тын еді, өзімнен болды.  width=– Дегенмен үздік үштіктен көрінудің өзі – үлкен жетістік. Қандай қателік жі­бер­дім деп ойлайсың? – Асығыстық жасадым. Әдіс жасаймын деп, қарсыласыма есе жіберіп алдым. – Португалияда өткен турнирдің ақ­тық сы­нында отандасымыз Ғалия Тын­бае­вамен бел­дестің. Расында, екі қазақ қы­зының фи­нал­да күресуі – тарихта бол­маған жағдай. Мұ­ны қалай қабыл­да­дыңдар? «Күреспей-ақ қояйық» деген ой болды ма? – Ғалия екеуміз Қазақстанда талай күре­сіп жүрміз ғой. Бір-бірімізді жүз пайыз бі­леміз деп айта аламын. Өйткені жай жат­ты­ғулардың өзінде белдесеміз. Кейде ол, кейде мен жеңемін. Тең түсетін сәттер де болады. Бір­ақ шетелдік жарыстарда кездеспеген едік. Мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Ең бас­тысы, әлем алдында елі­міз­дің абыройын асырға­ны­мызға қуандық. Жалпы, қай жа­рысқа барсақ та, алдымен елдің, қазақтың на­мысын қорғау үшін аттанамыз. Әлі де осы жол­да еңбектене береміз. Әрине, екі қазақ қызы шығып тұрған­дық­тан, қарқынымыз қатты болмады, аяу­шы­лық сезімі басым болып, жай күрестік. Ға­лия да маған аса қатты күш салған жоқ. Бірақ кім жеңсе де, екеуміз де Қазақстан үшін күрестік. Өтірік күрессек немесе бозкілемге шықпасақ, медаль бермейтін еді. Осы жарыстың жартылай финалында тә­жірибелі израильдік спортшымен бел­дестім. Бұған дейін онымен үш рет күрес­кенмін. Бір рет жеңіп, екі рет жеңілген едім. Соны Португалияда жең­генімде көңілім орнына түскен­дей болды.  width=– Бала күніңде көркем гим­нас­тикамен де айналысқан екенсің. Алайда қалауың дзю­доға ауып, елге кө­шіп келген­нен кейін үздік нәти­же­лерге қол жет­кізіп ке­­лесің. Жеңіс­­ке же­туіңе үле­сін қос­қан бап­­кер­лерің тура­лы да білгіміз келеді. – Өзбекстанның Таш­кент облысындағы Шыр­шық қаласында дүниеге кел­дім. Әлемнің әр түкпірінде тұрып жатқан әр қазақтың жүре­гінде «Атамекенге оралсақ» деген арман бо­лады ғой. 2014 жылы Шым­кент қаласына көшіп келдік. Алматыдағы рес­публикалық спорт кол­лед­жінде оқыдым. Не­гізі, бала кезімнен спортқа жақын болдым. Анам бейімімді бірден байқады. Дзюдомен он жасымнан бастап айналысып келемін. Елге келген соң Азия ойындарының, құрлық чем­пионатының жүлдегері атанған дзю­дошы, білікті бапкер Нұрбол Сүлейменовтің қара­ма­ғында жаттықтым. Кейінгі жылдары Атырау қаласына ауыс­тым. Ол жақтағы бапкерім – Мейіржан Есма­ғам­бетов. Осы орайда бізді жеңіске жетелеп, жа­рыстарға дайындап жүрген бапкерлеріме ал­ғыс айтқым келеді. – Спортшы үшін дайындықтың маңы­зы зор. Жаттығу жұмыстарына қан­ша уақытыңды жұмсайсың? – Дұ­рыс ай­­та­сыз. Біз­де жос­­пар бір жыл бұ­­рын бекі­тіледі. Қай жер­­­де қан­дай жа­рыс­­тар өте­ді? Оған қай спортшы қа­­ты­са­ды? Со­ның бәрі ал­дын ала анық­талады. Өйт­ке­ні спорт­­шы оған дайын­далуы керек. Жа­рыс басталардан бұ­рын оқу-жат­тығу жиындарына қатысамыз. Кү­ніне үш уақыт жаттығамын. Таңертеңгі сағат 7-де, 10-да, содан кейін кешкі 5-те. Жалпы, жат­ты­ғуға күніне 5-6 сағатымды арнаймын. Спорт­шы үнемі формада болуы керек. Сол үшін ты­рысамыз.  width=– Ең жеңіл салмақта, яғни 48 келіде күресесің. Бір салмақты ұстап тұру қиын емес пе? Қандай тағамдардан бас тартуға тура ке­леді? – Ешқандай шектеу қоймаймын, барлық тамақты жей беремін. Салмағым ары кетсе 52 келіге дейін барады. Жарыс жақындағанда, кө­біне 3-4 күн қалғанда арықтаймын. Бірақ осы Португалиядағы жарыста аздап қинал­дым. 200 грамның өзін азайту оңай болмады. Не істесем де түспей қойды. Өйткені оның ал­дында темір көтерген едім. Күшке жұмыс істеп, содан бұлшық ет өсіп кеткен болуы ке­рек. Негізі, бұлшық етім тез өседі, бұл бір ап­та темір көтергеннің өзінде байқалып жа­тады. Ал Парижге барғанда барынша тыры­сып, салмағымды ұстап тұр­дым. – Спорт­шы фор­мада бо­луы үшін та­ғы нені ес­кер­уі керек? – Спортшы уа­қы­тында ұйықтауы ке­рек. Егер түн­де кеш жат­­саңыз, та­ң­ер­теңгі жат­­ты­ғуға де­неңіз дайын бол­май­ды. Сол үшін жа­ра­­­қат алып қа­ла­тын кездер бо­лады. Себебі миың дема­лып тұрғанмен, ағзаң де­малмайды. Күніне үш мезгіл жат­тық­қан­нан кейін ертеңге де энергия жи­нау қажет. Адам біраз уақыт жаттығу жа­са­май жүріп, бірден кіріскенде де жа­ра­қат алып қалуы мүмкін. Себебі оның организмі ояу емес, оған дайын емес. Қарсыласыңды көз ілеспес жыл­дам­дықпен лақтырып, денеңе күш түс­кен кезде аяқ-қолың шығып, жа­ра­­қат алғаныңды білмей қаласың. – Отбасың туралы да айта отыр­саң. Бауырларың да спортқа жа­қын ба? – Төрт ағайындымыз: үш қыз, бір ұл. Мен ортаншысымын. Екі әпкем, өзімнен кейін інім бар. Үйде мен ғана спортқа жақынмын. – Мектепте қай пәнді сүйіп оқыдың? – Сүйікті пәнім – қазақ тілі мен әдебиеті. Абай атамыздың, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жаттап өстік.  width=– Айтпақшы, өзге тілде қойылған сұ­раққа қазақша жауап берген бейне­жаз­баң әлеуметтік желіге тарап, біраз тал­қыланған еді. – Иә, сол бейнежазба көп жерге тарап ке­тіпті. Қазір кезіккен адамдар қасыма келіп, «Қазақша сұхбат беретін қыз сен бе едің?» деп жа­тады. Осылайша, мені спортшы ретінде емес, қазақша сөйлеп, сұхбат беретін қыз ре­тінде танитын болды. Бұл, әрине патриот­тық сезім сыйлайды. Өзіме тек туған тілімде сөйлеп, көк Туымды көтеріп жүремін деп уәде бер­генмін. Бәрі қазақша сөйлесе деймін. Өз ті­лімізді өзіміз көтермесек, басқа кім кө­тереді? Елімнің патриотымын. Қазақ екенімді мақтан тұтамын. Қазақтың қыздары әлемді бағындыратындай спортшы болса деймін. Елімді әлемге танытқым келеді. – Дзюдо спорты қыз бала үшін оңай емес. Жарақат алып қалатын сәттер жиі бола ма? – Дзюдо – ерекше спорт. Мінез-құлқыңды жақсартуға, өмірде жақсы адам болуға тәр­биелейді. Иә, жарақат алатын сәттер жиі болады. Бірақ бұл спортты жақсы көрген соң бәріне шыдайсың. Жарақат алған кезде жаттықтырушыларым көмектеседі. Бізге қарайтын спорт дәрігерлері бар. Жарақат алған жерге арнайы жаттығу жасаймыз, жа­зылғанша демалыс береді. Емдеуге бір-екі ай уақытымыз кетеді. Негізі, өзің жақсы көріп істеген жұмыстың қиындығы жоқ. – Татамидегі басты қарсыласың жа­пон қыздары ма? – Иә. Дзюдо спорты сол елден шық­қан­дық­тан болар, жапон елінің спортшылары мық­ты. Сосын Францияның қыздары да осал емес. – Көрермен сені келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасының бозкілемінен көре ала ма? – Басты мақсатым – төртжылдықтың басты додасында топ жару. Кейінгі жеңіс­терден соң өзіме үлкен жауапкершілік жүктелетінін сезінемін. Сол күнге аман-есен жетіп, биік белесті бағындырсақ деп ойлаймын. Сондықтан шетелде өтетін ірі халықаралық турнирлерге қатыса жүріп, Париж Олимпиадасына да дайындаламыз. Қазір мамыр айында Қатарда өтетін әлем чемпионатына дайындық үстіндеміз. – Әңгімеңе рақмет!

Сұқбаттасқан Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары