26 ақпанға дейін әр азамат үндеуге үн қоса алады

26 ақпанға дейін әр азамат үндеуге үн қоса алады

26 ақпанға дейін әр азамат үндеуге үн қоса алады
ашық дереккөзі
251
Нұрсұлтан Назарбаев бүкілхалықтық талқылауға шығарған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс енгізуге қатысты ұсыныстар 26 ақпанға дейін қабылданады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан Республикасының азаматтары мен мекемелерінің назарына Мемлекет басшысы бүкілхалықтық талқылауға шығарған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына қатысты ұсыныстар 2017 жылғы 26 қаңтардан 2017 жылғы 26 ақпанға дейін мына мекенжайда қабылданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Үкімет үйі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі, электрондық пошта- ap2017@akorda.kz», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Еске сала кетейік, кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналар арқылы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін жария етті. Онда Президенттің  әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беру, Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлін күшейту қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары