Ұлытау облысында Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тұрғындармен кездесу өткізді

Ұлытау облысында Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тұрғындармен кездесу өткізді

Ұлытау облысында Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тұрғындармен кездесу өткізді
ашық дереккөзі
50321
18 ақпан үгіт-насихат кезеңінің басталуымен «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Партия Төрағасы Ерлан Қошанов тікелей эфирде «АМANAT» партиясының «Халықпен бірге!» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасын жариялады. «Біздің бағдарлама – қоғамда әбден қайнап, пісіп-жетілген проблемаларды шешудің нақты жолы, нақты жоспары. Өткен жылдың өзінде партия өңірлерде, ауыл-аймақта мыңдаған кездесу өткізіп, тұрғындардан 200 мыңнан астам ұсыныс-пікір жинаған болатын. Халықты толғандырған мәселелерді мұқият талдап, жүйелендіре келе, 10 негізгі бағыттан тұратын құжатты әзірледік. Одан әрбір отандасымыз өзі үшін өзекті мәселелердің жауабын таба алады», – деген партия Төрағасының мәлімдемесінен Әділетті, Жаңа Қазақстан қалыптасуының лебі байқалады. Яғни, халықтың әуелден қалаулары - халық үніне құлақ асатын Үкіметтің болуы екені жасырын емес. «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасын халықтың ұсыныстары мен тілектері негізінде әзірлеуді алғашқылардың бірі болып бастады. Осыған орай, «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі халықтың ұсыныс-тілектерін жинақтады. Осы орайда, облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «AMANAT» партиялық тізімі бойынша үміткер Мұрат Бөрібаев пен бір мандаттық сайлау округтері бойынша үміткер Ерболат Сатыбалдинмен бірлесе қаламыздағы «Yessen city» орталығында шаһар тұрғындарымен экспромт-кездесу өтті. Кездесу барысында 18 жастан асқан тұрғындардың өтініші жинақталды. Көпшілігінің ұсыныстарына көз жүгіртсең, қаламыздағы басты мәселелерді, өздерін толғандырып жүрген жайттарды тізбектеп жазып берген. Мысалға, бірқатар мәселені жаза кетсем, олар: - қала көшелерін сапалы асфальттау; - тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету; - ауаның өнеркәсіп саласы арқылы ластануын азайту; - сапалы және қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету; - мектепте тек 1-4-сынып оқушылары ғана емес, 11-сыныпқа дейінгі оқушылардың тегін тамақтануына ықпал жасау; - жас кәсіпкерлерді мейлінше қолдау; - қаламызды көгалдандыру жолдарын жүйелі жүргізу. Міне, осы секілді мәселелер легі тізбектелген екен. Тұрғындармен кездесу өткізген Мәжіліс депутаттығына үміткерлер бұл ұсыныстардың жай жинақталып қана қоймай, тиісінше шаралар қабылданатынын, қолдарынан келгенше мәселелерді бір жақты қып шешуге үлес қосатындарын жеткізді. 19 ақпанда басталған мұндай кездесулер әр сенбі сайын халық көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтарында, базарларда 11 наурызға дейін өтетін болады.

Серіктес жаңалықтары