Екібастұзда оқушылар мен студенттер онлайн оқиды

Екібастұзда оқушылар мен студенттер онлайн оқиды

Екібастұзда оқушылар мен студенттер онлайн оқиды
ашық дереккөзі
50236
20-24 ақпан аралығында Екібастұз қаласындағы мектептер, колледждер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қашықтықтан оқытуды жалғастырады деп хабарлады turkystan.kz. Балабақшалар кезекші топтар режимінде жұмыс істейтін болады.
«Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС деректері бойынша, бүгінгі күні қалада жылу беру оңтайлы параметрге шығарылды, алайда білім беру ұйымдарына үй-жайларды жылыту және қажетті температуралық режимге қол жеткізу үшін уақыт қажет», - делінген хабарламада.
Білім беру ұйымдарында температура мониторингі күн сайын жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес, температуралық режимге жеткен кезде мектептер, колледждер және қосымша білім беру ұйымдары жеке тәртіппен штаттық оқыту режиміне ауыстырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары