«Грэмми» номинанты қазақстандық дизайнердің көйлегімен қызыл кілемге шықты

«Грэмми» номинанты қазақстандық дизайнердің көйлегімен қызыл кілемге шықты

«Грэмми» номинанты қазақстандық дизайнердің көйлегімен қызыл кілемге шықты
ашық дереккөзі
50429
Ақпан айының басында «Грэмми» марапатына екі мәрте ұсынылған әнші N’Kenge қазақстандық Алексей Чжен тіккен көйлекпен қызыл кілемге шықты деп хабарлады turkystan.kz globalnews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Kazakhstan Fashion Week басшысы Ботагөз Алдонгарова айтты. Алексей Чжен – AlexChzhen брендін ұсынып жүрген дизайнер, қазақстандық сән апталығының арт-директоры.
«Алексейдің N’Kenge-мен ынтымақтастығының басталуы Алматыда, әншінің менеджері Дэвид Валермен танысу кезінде болды. Кездесуде болашақ ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Оның барысында Дэвидке қызықты идея келді. Сол кезде оның әншісі N’Kenge «Грэмми» сыйлығына ұсынылғаны белгілі болған. Дэвид өз әншісінің әлемдегі ең ірі және табысты музыкалық іс-шараға қазақстандық дизайнердің көйлегін киіп шығуға ұсыныс білдірді», - деді Ботагөз Алдонгарова.
Чжэн Валердің ұсынысын қабыл алды.
«Дэвид маған N’Kenge үшін қызықты көйлек жасауды ұсынды. Бұл мен үшін үлкен мәртебе, өйткені «Грэмми» номинантын бұған дейін ешбір қазақстандық дизайнер киіндірген емес. «Made in KZ» деген белгімен көйлек тіккенімнен бойымды мақтаныш билеп, жігерлендірді. Бұл оқиға біздің қазақстандық дизайнерлер үшін стимул болады деп үміттенемін. Сондай-ақ әлемдік қоғамдастық пен баспасөз Қазақстанда талантты және қызықты адамдардың қаншалықты көп екенін көреді деп сенемін», — деп келтірді Алексей Чженнің сөзін Ботагөз.
Әнші үшін арнайы екі эскиз жасалды: фуксия түсті кешкі көйлек және сары коктейль көйлек. Оның айтуынша, Валер қазақстандық дизайнердің жұмысын қатты ұнатып, көйлекті «керемет» және «шедевр» деп атады. Өз кезегінде әнші N’Kenge де дизайнердің жұмысына жоғары баға берді деп атап өтті Алдонгарова. N’Kenge бродвейлік «Caroline, or change» альбомына қатысқаны үшін «Грэмми» номинациясына іліккен болатын. 65-жыл сайынғы «Грэмми» марапаттау рәсімі 2023 жылдың 5 ақпанында Лос-Анджелесте өтті.

Серіктес жаңалықтары