«AMANAT» штабының мүшелері Түркістан облысында сайлаушылармен кездесті

«AMANAT» штабының мүшелері Түркістан облысында сайлаушылармен кездесті

«AMANAT» штабының мүшелері Түркістан облысында сайлаушылармен кездесті
ашық дереккөзі
50298
«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өңірлерде сайлаушылармен кездесуді бастады. Штаб мүшелері бірінші Түркістан облысына барды. Түркістанда зиялы қауыммен кездесу өтті. Жүздесуде рухани құндылықтар мәселесіне, ұлттық мәдениет пен шығармашылық адамдарын қолдау шараларына ерекше назар аударылды.
«Халық үшін сіздерің ой-пікірлеріңіз ерекше маңызды. Сондықтан алғашқы кездесуді өздеріңізбен өткізіп отырмыз. Сіздер мемлекет пен қарапайым халық арасындағы алтын көпір іспетті әрдайым әділеттілік пен туралықтың жақтаушысы болып келесіздер. Қоғам тынысының тамырын тап басып, көптеген мәселе бойынша өз ойларыңызды ашық жеткізесіздер. Бұл Әділетті Қазақстан құру үшін аса маңызды», - деді Республикалық сайлауалды штабтың басшысы Ерлан Қошанов.
 width= Партия Төрағасы мәдениет қайраткерлерінің қоғамдағы ерекше беделін ескере отырып, «AMANAT»-тың партиялық тізімдерін жасау барысында шығармашылық адамдарын – белгілі айтыскерлерді, жазушыларды, журналистерді тізімге қосуға ерекше назар аударғанын атап өтті. Бұдан соң штаб мүшелері Кентауда қалалық ЖЭО-5 ұжымымен кездесті. 1952 жылы іске қосылған жылу энергетикалық торап бүгінде 14 мыңға жуық абонентті қамтамасыз етеді. Партиялықтар ТКШ-инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту, еңбек адамының мүддесін қорғау, оның ішінде жалақыны өсіру және басқа да мәселелерді талқылады. Осы күні штаб мүшелері су тасқынынан зардап шеккен Сауран ауданының Шаға ауылына барды. Тұрғындармен кездесуде партиялықтар ауылдағы өмір сүру сапасын арттыру шараларына ерекше тоқталды. Жалпы, «AMANAT»-тың Мәжіліс пен облыстық мәслихатқа кандидаттары, партия белсенділері өңірде ондаған кездесу өткізді. Атап айтқанда, олар аграршылармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен және т.б. жүздесті. РҚШ мүшелері базарға барып, сайлаушылармен жастардың проблемалары және олардың болашақта өз жолын табуына қатысты партия ұсынған шараларды талқылады.  

Серіктес жаңалықтары