Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен қыздар табылды

Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен қыздар табылды

Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен қыздар табылды
ашық дереккөзі
50383
Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыз табылды деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция департаментінің қызметкерлері барлық бейнебақылау камераларын бақылап, іздеу жүргізгенінің нәтижесінде жасөпірімдер аман-есен орталыққа жеткізілді.
«Мекеме тәрбиеленушілері өздеріне қатысты ешқандай теріс әрекет жасалмағанын айтты. Қазіргі таңда жасөспірімдердің денсаулығына қандай да бір зақым келген-келмегенін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деді Шымкент Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева.
Айта кетейік, 16 ақпанда Шымкенттегі Тұран ауданында орналасқан Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан 14 және 15 жастағы екі тәрбиеленуші шығып кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары