Грэплинг пен ММА-ден NFC лигасының президенті оққа ұшты (ВИДЕО)

Грэплинг пен ММА-ден NFC лигасының президенті оққа ұшты (ВИДЕО)

Грэплинг пен ММА-ден NFC лигасының президенті оққа ұшты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50441
Дағыстанның Дербент қаласында грэплинг пен ММА-ден NFC лигасының президенті 36 жастағы Видади Мардановты атып кетті деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Грэплинг пен джиу-джитсудан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы таңғы төртте біреумен сөйлесу үшін есік алдына шыққан. Кейін ол өлі табылды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды. Онда шабуылдаған екі адам Видадиді жерге құлатқаны көрінеді. Кейін төбелеске қатыстылардың бірі аңшы мылтығынан жерге атқан. Алайда оқ асфальттан тайқып Мардановқа тиеді. Қазіргі таңда 27 жастағы күдікті ұсталды. Ал оның қасында болған адам іздестіріліп жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары