БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
50231
Батыс Қазақстан облысында көліктердің бетпе-бет соқтығысуынан екі адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, жол апаты 21 ақпан сағат 10:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолының 241 шақырымында болған. Toyota Alphard автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі 57 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Hyundai Santa Fe автокөлігіне соқтығысқан.
«Оқиға орнында 25 жастағы Toyota жолаушысы және 56 жастағы Hyundai жолаушысы қайтыс болды. Екі жүргізуші мен қалған жолаушылар түрлі дене жарақаттарымен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары