50313
Майқайың ауылының тұрғындарын не толғандырады?
Майқайың ауылының тұрғындарын не толғандырады?
«AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалынан депутаттыққа кандидаттар Арман Рахмашев, Куаныш Ботин, Салтанат Калиасқарова мен Серик Садвакасов сайлауалды үгіт насихатпен Майқайың ауылына барды.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар күн сайын нашар жолдар, сумен жабдықтау, мектепке дейінгі білім берудің жетіспеушілігі және интернет желісінің нашар байланысы мәселелеріне тап болады.
«Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне ауыл тұрғындарынан ұялы байланыс пен интернет желісіне қолжетімділіктің жоқтығы туралы өтініштер мен шағымдар үнемі келіп тұрады», — деді Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Арман Рахмашев.Оның айтуынша, өңірде ұялы байланыспен жалпы қамту 96,9%, интернет – 96,3% құрайды. «AMANAT» партиясы ұялы байланыс пен интернеттің сапасын жақсарту мәселелерін ерекше бақылауға алады. Серик Садвакасов жолдардың сапасына қатысты азаматтардың әділ сынын үнемі еститінін атап өтті.
«Сапалы жол, бұл —азаматтардың қауіпсіздігінің, медициналық көмектің, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігінің кепілі, экономика мен сауданы дамытудың маңызды шарты», - деді ол.Партия жергілікті маңызы бар 74 шақырым автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша шаралар қабылдайды. Ұзындығы 1 мың шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жүргізуге, елді мекендердің көшелеріне кемінде 400 шақырым жол жөндеуге қол жеткізілетін болады. Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.