Алматыда тергеу изоляторына телефон тасыған фельдшер ұсталды

Алматыда тергеу изоляторына телефон тасыған фельдшер ұсталды

Алматыда тергеу изоляторына телефон тасыған фельдшер ұсталды
ашық дереккөзі
50181
Алматыда тергеу изоляторына телефон тасыған фельдшер ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, жуырда Алматы қаласындағы тергеу изоляторына шақырту бойынша келген жедел жәрдем фельдшері өзімен бірге тыйым салынған заттар ала келген.
«ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Бірнеше рет ұрлық жасау) сотталған 41 жастағы ер адамға жедел жәрдем шақыртылған. Жедел көмек көрсету үшін келген жедел-жәрдем бригадасын тексеру кезінде Р. атты фельдшерден әртүрлі маркадағы 4 телефон мен 145 мың ақша табылды», – деп хабарлады Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Сотталған К. есімді азамат сол күні тергеу изоляторының қызметкерлеріне «бүйрегім ауырды» деп шағымданған. Оған жедел медициналық көмек көрсету үшін фельдшерге жеткізу кезінде сотталған К-нің қалтасынан да целлофанға оралған ұнтақ пен өткір иісті шөп табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша, табылған заттардың 78,66 грамм гашиш пен 15,20 грамм кептірілген марихуана екендігі анықталды. Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасынан жедел-тергеу тобы шақыртылып, қазір тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары