«Біз кешірген жоқпыз» - Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан зардап шеккен заңгер

«Біз кешірген жоқпыз» - Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан зардап шеккен заңгер

«Біз кешірген жоқпыз» - Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан зардап шеккен заңгер
ашық дереккөзі
50342

Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлы Нұрасылмен төбелесте жарақат алған заңгерлермен кездесті. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталына Анна Чернова (Димитриевич) айтып берген деп хабарлады turkystan.kz.

«Жақында іс әскери полицияға берілді. Тергеу жүріп жатыр. Бүгін тергеуші қоңырау шалды. Біз оларға баратын болып келістік. Әзірге жаңалық жоқ. Жалпы, бәрі әдеттегідей жүріп жатыр.

Біз құқықбұзушының әкесімен кездестік. Ол ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Алайда біз ұлын кешірген жоқпыз. Ол заң алдында жауап беруі керек. Ал іс баршаға сабақ болуы қажет», - деді Чернова.

Еске салсақ, бір апта бұрын Алматыда белгілі заңгер соққыға жығылғаны хабарланған болатын. Оқиға туралы жәбірленуші Олег Черновтың әйелі, заңгер Анна Димитриевич айтты. Ол да сол жерде болған және жарақат алған.

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов бұған дейін бұл оқиғаға қатысты көпшілік алдында жауап беріп, құқық қорғау органдарын әділ шешім қабылдауға шақырған болатын.

Серіктес жаңалықтары