Қызылордада із-түзсіз жоғалып кеткен әйел табылды

Қызылордада із-түзсіз жоғалып кеткен әйел табылды

Қызылордада із-түзсіз жоғалып кеткен әйел табылды
ашық дереккөзі
50323
Қызылордада бір күн бұрын хабарсыз кеткен 41 жастағы әйел табылды деп хабарлады turkystan.kz Қызылорда облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел 102 арнасына 21 ақпанда жергілікті тұрғын қарындасының белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде арызданған еді.
​«Қызылорда қаласы Полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері аталған хабарлама негізінде іздестіру жүргізді. Барлық көшелер, аулалар мұқият зерделеніп, жергілікті тұрғындардан сұрау жүргізілді. Жедел- іздестіру жұмысының нәтижесінде жоғалған 41 жастағы азаматша қала көшелерінің бірінен аман-есен табылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары