Өзбекстан азаматы елімізде 21 жыл бойы құжатсыз жүрген

Өзбекстан азаматы елімізде 21 жыл бойы құжатсыз жүрген

Өзбекстан азаматы елімізде 21 жыл бойы құжатсыз жүрген
ашық дереккөзі
50488
Атырауда 21 жыл бойы құжатсыз жүрген өзбекстандық қария анықталды. Жеке басы анықталған соң шетелдік азамат еліне қайтарылады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
«Аталған іс-шара кезінде Атырау қалалық Полиция басқармасы №2 полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Кеңесов құжатсыз жүрген 72 жастағы шетелдікті анықтады. Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстанға 2000 жылдары келген. Қазақстандық әйелмен отбасын құрған. Ерлі-зайыптылардың ортақ бес баласы бар. Шетелдіктің айтуынша, сол жылдары құжат дайындамақ болған. Бірақ қажетті құжаттарды толық тапсыра алмаған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір Атырау қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері құжаттарды жинақтады. 1951 жылғы шетелдіктің жеке басын анықтап, еліне қайтару үшін тиісті құжаттар тізбесін Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы консулдығына жолдады.

Серіктес жаңалықтары