Сыр өңірінде бес жылда 24 дәрігерлік амбулатория бой көтереді

Сыр өңірінде бес жылда 24 дәрігерлік амбулатория бой көтереді

Сыр өңірінде бес жылда 24 дәрігерлік амбулатория бой көтереді
ашық дереккөзі
50268
«AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына бір топ  үміткер үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Жиында түрлі сала өкілдері бас қосып, сайлауалды бағдарламаның мән-жайын талқылады.  width=
«Қазіргі таңда алдымызда тұрған міндет - Әділетті Қазақстанды бірге құру. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысынан бастап жергілікті атқарушы орган, әкімдердің барлығы ешқандай партияға мүше болып табылмайды. Бұл барлық партиялар үшін бір дәрежеде қимылдап, өзара бәсекелестікті қалыптастыруына ықпал етеді. Айта кетерлігі, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде 200 мыңнан астам адамның пікірлері ескерілді. Бағдарламада біршама мәселелердің шешілу барысы баяндалған», - деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мақсұт Нәлібаев.
Өз кезегінде сөз алған үміткер Жанат Қожарипова партияның халыққа медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытындағы кешенді жобаларымен таныстырды.
«Шыны керек, медицина мамандарының тапшылығы барлық өңірлерде бар. Біздің облыста да реаниматолог, акушер-гинеколог, фтизиатр, пульмонолог секілді мамандарға тапшылық байқалады. Кейбір медициналық мекемелер күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы мәселелерді зерттей келе, «AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда Қызылорда қаласында ауысымына 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсекке арналған көпбейінді аурухана салуға, 200 төсекке арналған заманауи перинаталдық орталық салынуына, сонымен бірге ауылдық елді мекендерде 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт құрылысын жүргізуге қаржы бөлінуіне жұмыс жасайды. Бұл өз кезегінде медициналық қолжетімділікті арттырып, медициналық қызметтін сапасы жақсартуға ықпал етеді», - деді Жанат Қожарипова.
Кездесу барысында Нұркен Бақытбекұлы мен бір мандаттық сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Димаш Абизовтар да сөз алып, сайлауалды бағдарламада азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған басым бағыттарды кеңінен түсіндіріп өтті. Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары