«AMANAT»: сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Төлеби ауданында жалғасын тапты

«AMANAT»: сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Төлеби ауданында жалғасын тапты

«AMANAT»: сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Төлеби ауданында жалғасын тапты
ашық дереккөзі
50250
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабтың мүшелері Төлеби ауданына арнайы іссапармен барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев бастаған штаб өкілдері алдымен Төлеби ауданы, Киелітас елді мекеніндегі «КазахБитум» ЖШС ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Жиынға облыстық штаб мүшелері Шырынбек Оңғаров, Жансерік Жұман, Жандос Әзімбай, Ғалымжан Елшібаев, Даулет Мусаев, Нұрлан Қойбағаров, Қуанышбек Қансейітов, Ханай Әшірбеков қатысып, осыған дейін атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар баяндалды.
- «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасы 4 бөлім, 15 бағыт, 132 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде қоғамдағы барлық мәселелерді шешу жолдары қарастырылған. Мәселен, алдағы 5 жылда партия өңірімізде 57 жаңа мектеп пен 17 спорт нысанының салынуына, тұрғындарды 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтуға, табиғи газбен қамту көрсеткішін 75 пайыздан асыруға ықпал етеді. Ірі жобаларды іске асырып, 143 мың жұмыс орнын, оның ішінде 22 мың тұрақты жұмыс орнын құруға атсалысамыз. Қазір халықтың көзі ашылып, талабы да күшейіп келеді. Тиісінше, біздің бағдарламамыз сол талап-тілектер негізінде құрылып отыр. Біздің мақсат - халықтың өмір сүру сапасын арттыру, - деді кездесуде сөз алған Алтынсары Дүйсенбекұлы.
Сондай-ақ, сайлауалды штаб мүшелері аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты «Жарық жол» КММ-ға барып, үгіт материалдарын тарату және партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында штаб төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев "AMANAT” партиясы еңбек адамдарының мәртебесі мен табысын арттыруға айрықша мән беретінін айтып, алдағы уақытта халықтың табысын арттыру, денсаулығын сақтау, өмір сүру сапасын жақсарту, жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, тұрғын үйлер салу және жөндеу бағыттарында атқарылатын жұмыстармен таныстырды. Содан соң, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары Ленгір қаласындағы аудандық мәдениет үйінде жалғасты.
- Елімізде атқарылып жатқан реформалармен қатар, "AMANAT” партиясы да жаңғырып жатыр. Сайлауалды бағдарламамыздағы жобалар ел азаматтарының жағдайын жақсартуға арналған. Себебі, біздің негізгі мақсатымыз - елдің мұң-мұқтажы мен талап-тілегін қанағаттандырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ету. Сондықтан жарқын болашақ үшін алдағы саяси додада "AMANAT” партиясын қолдауға шақырамын, - деді Алтынсары Үмбетәлиев мекеме ұжымы және қала тұрғындарымен өткен жиында.
Өз кезегінде төлебилік тұрғындар штаб өкілдеріне ұсыныстарын айтып, ардагерлерді қолдау, жер және экология саласына қатысты өзекті мәселелерінен хабардар етті. Ал, штаб өкілі Ғалымжан Елшібаев проблемалардың кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын жеткізді.  width= Сонымен бірге, облыстық штаб мүшесі Жандос Әзімбай аудан тұрғындарына партия қолға алған "Ауыл аманаты" жобасын түсіндіріп берді. Оның айтуынша, аталған жоба аясында ауылдағы кәсіппен айналысамын деушілерге 2,5 пайыздық үстемемен несие және кәсіптік білім берілетін болады.

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары