Мемлекет басшысы «QazaqGaz» басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» басқарма төрағасын қабылдады
ашық дереккөзі
50214
Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Санжар Жаркешов ұлттық компанияның 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы, алдағы кезеңге арналған жоспары мен газ саласы стратегиясын дамыту туралы есеп берді. Сондай-ақ газ саласындағы реформаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар Санжар Жаркешов халықты табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы, Қазақстанда 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында бұрын-соңды болмаған көп мөлшерде газ пайдаланылғанын мәлім етті. Одан бөлек Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауыты құрылысының барысы туралы мәлімет берді. «QazaqGaz» компаниясы Алматыдағы жылу электр орталығына газ құбырын тарту, Бейнеу – Жаңаөзен газ құбырының екінші желісін салу, Мақат – Солтүстік Кавказ газ құбырын кеңейту және басқа да маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр. Шығындарды оңтайландыру нәтижесінде былтыр ұлттық компанияның қарызы 26 пайызға азайғанын айтты. Президент газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін реформаны жалғастыруды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары