Бауырсақтың адам өмірін ұзартатыны рас па?

Бауырсақтың адам өмірін ұзартатыны рас па?

Бауырсақтың адам өмірін ұзартатыны рас па?
ашық дереккөзі
52828
WhatsApp-та америкалық ғалымдар бауырсақтың пайдасын дәлелдегені туралы видео тарады. Бұл тағам адам өмірін ұзартып, ішек жұмысын жақсартады екен. Негізінде ғалымдар мұндай жаңалық ашпаған деп хабарлады turkystan.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.  width= Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамы. Бұған қарамастан, бауырсақ адам өмірін ұзарта алмайды, мұны дәлелдейтін ғылыми зерттеулер жоқ. АҚШ Ұлттық медицина кітапханасының сайтында Bayrsak сөзі мүлде жоқ. Сондай-ақ бәліш немесе майға піскен нан жеудің салдарына арналған зерттеулер де жоқ. Негізінен, су мен ұннан жасалып, майға қуырып пісірілетін тағамдар немесе десерттер кез келген мәдениетте бар. Біреулер оны тәттілеп дайындаса, басқалары тұз бен дәмдеуіштер қосады. Бірақ барлық жағдайда қамырды майға қуырады. Майға қуырылған қамыр – көмірсулар көзі. Мұндай тағамды жеп, ұзақ уақыт тойып жүресіз. Алайда қуырылған тағамды шамадан тыс жеу салмақ қосуға және екінші типтегі қант диабетінің дамуына әкеп соғуы мүмкін. Бауырсақ – майға бай калориялық өнім. Қорыта айтқанда, бауырсақтың адам өмірін ұзартатыны ғылыми дәлелденбеген. Ол денсаулыққа зиян тигізбейді, бірақ шамадан тыс жеген кезде проблема болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары