«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Абай облысында сайлаушылармен кездесті

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Абай облысында сайлаушылармен кездесті

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Абай облысында сайлаушылармен кездесті
ашық дереккөзі
50294
«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасып жатыр. Бүгін партиялықтар Абай облысына келді. Семей қаласында «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов №35 бағыттағы автобусқа отырып, қала тұрғындарымен сөйлесті. Тұрғындар ТКШ, жол жөндеу, әлеуметтік нысандар салу сияқты, басқа да мәселелерді көтерді.  width= Бұдан соң автобус паркінде өткен қоғамдық көлік саласының қызметкерлерімен кездесуде жолаушылар тасымалы мәселелері талқыланды.
«Қоғамдық көлік саласын дамыту – еліміздің барлық қаласында өзекті мәселе. Лық толы автобустар, оларды аялдамада сарылып ұзақ күту және тозығы жеткен қоғамдық көліктер тұрғындардың өмір сүру сапасына кері әсерін тигізеді», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ штаб мүшелері Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның өңірлердегі медициналық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бөлімі туралы айтты.  width= Осы күні штаб мүшелері Семейдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен және қала белсенділерімен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және МИБ-ті (Мүлік иелерінің бірлестігі) енгізу мәселелерін талқылады.

Серіктес жаңалықтары