Қатерлі дертке шалдыққан азамат інісін асырау үшін жұмыс істеп жүр

Қатерлі дертке шалдыққан азамат інісін асырау үшін жұмыс істеп жүр

Қатерлі дертке шалдыққан азамат інісін асырау үшін жұмыс істеп жүр
ашық дереккөзі
50468
Алматылық Наурыз есімді 19 жастағы жігіт 4-дәрежедегі қатерлі ісігіне қарамастан інісін асырау үшін күн-түн демей жұмыс істеп жүр. Қазақстандықтар жас жігіттің еміне 16 млн-нан аса теңге жинап берді. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы парақшасында жазды. Ескі жатақханада тұратын ағалы-інілі Наурыз бен Нұрәлінің арасы 5 жас. Автордың жазуынша, екі ұлын анасы 7 жыл бұрын тастап кеткен, ал әкесі соңғы 2 жылдан бері тек анда-санда ғана көрісуге келеді. Ол да басқа әйелмен көңіл қосқан. Наурыз жалғыз бауырын асырау үшін өз денсаулығы нашар болғанына қарамастан жұмыс істеп жүр.
«Наурыз таңғы 4-те кетеді. Автобуста контролер. Нұрәлі мектепте. Наурыз әкесіне еш кінә артпайды. 15 жасынан жұмыс істеп үйренген. Тезірек 18-ге толып, ержетіп, аянбай еңбек етуді, ақша табуды, інісін киіндіріп, тойдыруды қалады. Үй аламыз, қыдырамыз, үйленемін деп армандады. Өкінішке қарай, тура 18-ге толғанда тамағында ісік пайда болды. Дәрігерлер басында грыжа деді, 6 айдан соң суық тиген деп емдеді. Асқынған кезде жаман ауру екенін білді. Өкінгенмен, енді кеш…Қатерлі дертпен күресуге Наурызда күш те, мүмкіндік те жоқ. Күннен-күнге қолданатын дәрі-дәрмегі қымбаттап, дерт жанына батуда. Ауырсынуға уақыт жоқ, артында інісі бар. Түскі үзілісте тамақ ішіп, әлдену орнына химия алуға барады. Одан тынығу қайдан, қайтадан жанталас» деп жазды автор.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Гүлмира Әбіқай (@gulmir_ktk)

Әзірге Наурыздың ауруына алаңдап отырған жалғыз інісі мен көмек қолын созып жүрген жанашыр таныс әпкесі ғана. Анасы ұлының жағдайын естігенімен, әлі бірде-бір рет жағдайын сұрамаған.
«Маған ешнәрсе керегі жоқ. Тамақ ішпеймін, киім кимей-ақ қойдым, ешқайда қыдырмаймын, телефон да алмаймын. Тек ағам тірі болса екен», – дейді інісі Нұрәлі.
Пост жарияланғаннан кейін қазақстандықтар жан-жақтан қаржылай ақша аударып, бүгінде Наурыздың еміне 16 млн теңгеден астам қаражат жиналды. Журналистің сөзінше, қазіргі уақытта шетелдік клиникалармен байланыстар орнатылып, емге қатысты ақпараттар алынуда. Сондай-ақ Наурыздың мойнындағы кредиттеріне байланысты шоттары бұғатталғандықтан, әзірге шетелге ұшу мүмкіндігі жоқ. Бірақ қайырымдылықтан түскен қаражаттың көмегімен бұл мәселе шешілер деген үміттеміз дейді жазба иесі.

Серіктес жаңалықтары