Қазақстандық бүлдіршін Лондонда ағылшындарға қазақ тілін үйретті (ВИДЕО)

Қазақстандық бүлдіршін Лондонда ағылшындарға қазақ тілін үйретті (ВИДЕО)

Қазақстандық бүлдіршін Лондонда ағылшындарға қазақ тілін үйретті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50580
Көпшілікке «Балапан» арнасындағы «Мисс Кәусар» бағдарламасы арқылы танымал Кәусар Ғалымжанқызы енді ағылшындарға қазақ тілін үйрете бастады. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жиналып, өте мазмұнды кеш өтті. Бұл туралы Кәусардың әкесі, белгілі журналист Ғалымжан Қараманұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.
⠀Фан клуб мүшелері Димаштың әндерін орындады. Ұлттық тағамдарымыздан дәм татты. Диерстар Қазақстанға қайырымдылыққа 1 млн теңге аударды. Бұл ақшаға Балалар ауылының тәрбиеленушілері музыкалық аспаптар сатып алады, – дейді Ғалымжан Қараманұлы.
Айта кетейік, Кәусар «Балапан» телеарнасында қазақ балаларына ағылшын тілін үйретіп жүр.

Серіктес жаңалықтары