Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды

Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды

Қазақстандық мергендер халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі
50172
Қазақстан мергендер құрамасы Кувейтте өткен халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
 Кувейтте екі ірі стендтік ату жарысы – Азия Кубогы және «Кувейт Гран-приі» басталған болатын. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 350-ден астам спортшы келді. Қазақстан атынан 28 мерген бақ сынап жатыр.
Олар екі турнирде де ерекшеленіп, барлығы 13 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 4 күміс және 3 қола.  width= Спортшылар барлық медальді «скит» – дөңгелек стендтен ату жарысында иеленді. Азия Кубогының алтыны: Ольга Панарина мен Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина бастаған әйелдер құрамасы; Данил Стрельцов пен Адель Садақбаева бастаған жасөспірімдер құрамасы; микс-команда – Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Күміс медаль: Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон және Артем Седельников (ерлер құрамасы); Илья Пеньков пен Амалия Кудрявцева (жасөспірімдер командасы); Зоя Кравченко мен Юнус Мачжон (аралас команда) Қола медаль: Әсем Орынбай; Эдуард Ещенко; Эвелина Шек. Ал ең беделді «Кувейт Гран-приі» алтын жүлдесін Зоя Кравченко жеңіп алды. Айта кетейік, Азия Кубогы мен «Кувейт Гран-приі» 2 наурызда аяқталады.

Серіктес жаңалықтары