Ақтөбеде 21 бала өсіріп отырған өнерлі отбасы (ВИДЕО)

Ақтөбеде 21 бала өсіріп отырған өнерлі отбасы (ВИДЕО)

Ақтөбеде 21 бала өсіріп отырған өнерлі отбасы (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
52778
Ақтөбеде 21 баласы бар отбасы бар. Жетесовтер әулетіндегілердің бәрі шетінен өнерлі. Ән айтады, жетіген, қобыз, домбыра түрлі ұлттық аспаптарда ойнайды. Балаларды өнерге, музыкаға баулыған ата-ана отбасылық «Шашу» халықтық ансамблін құрған деп хабарлады turkystan.kz astanatv арнасына сілтеме жасап. Өмірхан мен Амангүлдің өзінің үш баласы бар. Жастайынан жетімдік көрген олар кейін балалар үйінен 18 сәбиді бауырына басыпты.
«Ол балаға мейірім қажет. Тамақ, киім, жылы үй, бәрі ол Үкіметте де бар. Сондықтан ерекше мейірім мен махаббатта болсаңыз, сол балаларды бауырға басып, шын сүйіп, шын көңілмен жақсы көрсеңіз. Ол бала ата-ана мейірімін көргеннен кейін, ыстық ықылас, құшағын көргеннен кейін ешқашанда бөтен болмайды. Ол өзіңнің балаң болады», - дейді көпбалалы ана Амангүл Ешпанова.
Қазір балалардың үлкені - 25 жаста, кішкентайлары - 9,10 жаста. Отбасында бес баланың ұлты орыс болғанымен, жаны - қазақ. Жеткеншектердің барлығы ұлттық аспапта еркін ойнап, дәстүрлі ән, терме айтады. Фольклорлық жыр-дастандарды жатқа біледі.
«Мен өзім домбыраны қаладым. Ойнайтын аспабым - домбыра. Наурызбек атамыздың, Әбубәкір Кердері атамыздың термелерін білемін. Едіге дастанды жаттап жатырмын», - деді ұлы Темірхан Жетесов.
«Мені бірінші прима қобызға берді. Және прима қобыздың күшті үні, дауысы ұнады. Прима қобыз ойнағанда мен көптеген әсер аламын. Өте жақсы күйде боламын», - дейді қызы Алтынай Жетесова.
Жұдырықтай жүрегіне 21 баланы сыйғызып, оларға мейірім мен махаббат беріп, өнерге баулып, әрқайсысының тұлға болып қалыптасуына үлес қосып жүрген Жетесовтер әр баланың орны бөлек екенін айтады.
«Ең бірінші ойымыз - сол балаларды музыкалық, арнайы мектептерде оқытып, сосын олардан бір ансамбль құрып, елдімекенді, жер-жерді аралап, өз табысымды өзіміз тауып жүру. Өзімізге өзіміз еңбек ету деген сияқты ойластырдық. Айтып айтып келе, сол арманымыз орындалды», - деді көпбалалы ана Амангүл Ешпанова.
Олардың отбасылық ансамблі республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Тіпті әлемнің 96 елі ұлттық өнерді насихаттайтын ансамбльді қонаққа шақырған. Алдағы жазда Жетесовтер шет елдерді араламақ. https://www.youtube.com/watch?v=eVIPnLfMrdY

Серіктес жаңалықтары